USD
USD
USD

Қайрат Сатыбалды отырған колонияда жанжал шығып, төрт адам зардап шекті

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалды жазасын өтеп жатқан колонияда қақтығыс кезінде төрт адам зардап шекті, деп хабарлады ҚазТАГ. 

Қайрат Сатыбалды отырған колонияда жанжал шығып, төрт адам зардап шекті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2023 жылдың 14 шілдесінде ШҚО бойынша ҚАЖД №22 мекемесінде әкімшілік қызметкерлері тұрмыстық негізде туындаған жанжалды жағдайды тоқтатты. Факті мәлімет кітабына тіркеліп, тергеу-жедел тобы шақырылды. Қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр. Қақтығыс кезінде төрт сотталушы жеңіл дене жарақаттарын алды, зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта жанжалға кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, тәртіптік изоляторға қамалды», - деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, Қайрат Сатыбалды осы колонияда жазасын өтеп жатыр. Бір күн бұрын интернетте оқиғаның салдарынан төрт адамның пышақталғаны туралы ақпарат тараған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Павлодарлық кәсіпкер Икрам Нұрмашовтың қазасы: полиция не дейді?

Икрам Нұрмашов

Конституциялық құрылысты өзгертпек болған: Атырауда бір топ адам ұсталды

Атырауда ұсталған экстремистік топ

ДСМ жүргізген тексеруден кейін 78 медициналық ұйым лицензиясынан айырылды

оңалту орталығы

Ташкентте Қарағандыдан барған 15 жас футболшы астан уланды деген күдікпен ауруханаға түсті

Ташкентте ауруханаға түскен жасөспірім