USD
USD
USD

Қайрат Сатыбалды мен Бекболат Тілеуханның орнына жаңа басшы келді

Кәсіпкер Исламбек Салжанов ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшысы қызметіне сайланды.

Қайрат Сатыбалды мен Бекболат Тілеуханның орнына жаңа басшы келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қазақ ұлттық спорт түрлері қауымдастығының жаңа президенті болып белгілі кәсіпкер және меценат, Altyn Qyran Foundation қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов сайланды. Бұл туралы Қауымдастық құрылтайшыларының онлайн және офлайн форматта өткен жиналысы барысында белгілі болды", - делінген хабарламада.

Ұйым көкпар, аударыспақ, бәйге, жамбы ату, теңге ілу, тоғызқұмалақ және т.б спорт түрлерін біріктіреді.

"Исламбек Салжанов бұл қызметке Бекболат Тілеуханның орнына келді", - деп толықтырды ведомство өкілдері.

Айта кетейік, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының сайтында ұйымның президенті бұрын Қайрат Сатыбалды болғаны, ал бірінші вице-президент қызметін Бекболат Тілеухан атқарғаны көрсетілген.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті