USD
USD
USD

Қайрат Сатыбалды «Қазақтелеком» акцияларын мемлекетке қайтарды

Қазақстан қаржы нарығындағы "Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің тізімі жаңарды. Тізімге сәйкес 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті компанияның жаңа акционері атанды. 

Қайрат Сатыбалды «Қазақтелеком» акцияларын мемлекетке қайтарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Енді елдің басты телекоммуникациялық компаниясының акцияларын бөлу келесідей жүзеге аспақ:

  • «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ — 45,90%;
  • «ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ — 25,42%;
  • The BANK OF NEW YORK Mellon DRS (номиналды ұстаушы) — 8,62%.

Осылайша, «Қазақтелеком» АҚ 70% мемлекетке тиесілі.

Айта кетейік, сәуірде "Қазақтелекомның" 28,8%-ы мемлекет қайтарылатыны белгілі болған еді. Бұл кезде Қазақстан үкіметі сәйкес қаулы қабылдаған. Құжатта "Skyline Investment Company S.A жеке компаниясының "Қазақтелеком" АҚ шартты капиталының 24,95%-на тең 2 671 481 қарапайым акциясын сыйға тарту шарты бойынша республика меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын" делінген. 

Сонымен қатар "Alatau Capital Investment" ЖШС сыйға тарту шарты бойынша респбулика меншігіне акционерлік қоғамның шартты капиталының 3,85%-на тең 413 412 қарапайым акциясын берген еді. 

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу