USD
USD
USD

«Қайрат» пен «Астана» кездеседі

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы бірінші айналымның қалған турларының күнтізбесін жариялады.

«Қайрат» пен «Астана» кездеседі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сегізінші тур ойындары 11 және 12 қыркүйек күндері өткізіледі.

11 қыркүйекте «Жетісу» мен «Оқжетпес», «Шахтер» мен «Тараз», 12 қыркүйекте «Ордабасы» мен «Астана», «Тобыл» мен «Қызылжар», «Қайрат» пен «Қайсар» командалары кездеседі. Бірінші айналымның соңғы туры 2 қазанға белгіленген.

Ал 4 қазанда «Қайрат» пен «Астана» кейінге қалдырылған 6-тур ойынын өткізеді. Қазақстандық командалардың еурокубок ойындарына қатысуына байланысты ойын күнтізбесінде бірқатар өзгерістер болуы мүмкін.

Естеріңізге салсақ, «Астана», «Қайрат» және «Қайсар» командалары 17 қыркүйекте Еуропа лигасы екінші іріктеу сатысында өз қарсыластарымен шеберлік байқасады .

Қазірге дейін барлығы 7 тур ойындары өтті. Көш басында келе жатқан «Қайраттың» 18 ұпайы бар. Одан кейінгі орындардағы «Қайсар» 13, «Астана» 11 ұпай еншілеген.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева