USD
USD
USD

Қайрат Нұртастың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады

TikTok-та әлдебіреулер Қайрат Нұртастың өлімі жөнінде ақпарат таратқан. Видео авторы Қайраттың суреттерінен ролик жасап, тіпті оның "қайтыс болған күнін" жазып қойған. Мұны көрген хитменнің анасы көпшілікке жан айқайын жеткізді.

Қайрат Нұртастың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Менің баламның өлімін тілеп, кімнің осылай жарнамалап таратуға қолы барды екен? Басыңа келсін деп тілемеймін, тек Алла сана берсін. Мейлі мамасының баласы дей берсін, мейлі тағы да баласын қорғаштады десін, баламның табанына кірер шеңгел болса, менің маңдайыма қадалсын дейтін өз аналарыңыздай мен де анамын, сыртынан ауыр сөз айтылса ең бірінші менің жүрегіме қадалары анық.

Соншалықты жек көретіндей біреуге ұлым зияндық жасамақ түгілі, тірі пендені ренжітпейтін жүрегі мейірімге толы екенін басқа білмесе де туған анасы мен білемін. Қаншалықты қара жағып өсектеп жатса да шыдай береміз ғой, енді мынау тым артық. Ниетімізді түзесек екен. Ешбір ана баласын жоғалтпасын, Алла ұлыма ұзағынан өмір берсін!" - деп жазба қалдырды Айдарбекова желідегі парақшасында. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар