USD
USD
USD

Қайрат Нұртастың әйелі фильм түсірмек

Жақында төртінші баласын мектепке берген Жұлдыз енді шығармашылыққа білек сыбана кіріспек. Ол режиссерлерден жақсы ұсыныс түссе, киноға түсуге тас-түйін дайын. 

Қайрат Нұртастың әйелі фильм түсірмек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол бұл туралы Ревю бағдарламасында мәлімдеді. 

"Бұл салада өзімді көргім келеді, өзімді сынағым келеді. Егер де ұсыныстар түсіп жатса, мен ашықпын, дайынмын", – деді ол.

Ал әзірге продюсерлер мен режиссерлер тарапынан шақырту алмаған Әбдукәрімова кино түсіруге өзі кіріспек! Қайрат Нұртастың жары енді толықметрлі туындыны таспалауға көшіп, Нұрлан Қоянбаев, Құралай Анарбековалармен бәсекелес атанбақ.

"Алда өзімнің кинотуындымды шығарсам ба деген жоспар бар. Қазір келісім жүріп жатыр, оны әзірге айтпай-ақ қояйын. Бірақ сіздерге айтып қойдым ғой. Қолға алған кезде, сіздерге бірінші болып айтатын болам. Бағыты әзірге белгісіз", – деп құпияның шетін ашты Жұлдыз.

Толықметрлі туындыда Қайрат Нұртас төбе көрсете ме, жоқ па, ол да әзірге белгісіз.

Қазір оқып жатыр

Режеп Тайип Ердоған «Қожа Ахмет Ясауи» орденінің тұңғыш иегері атанды

Ердоған, Тоқаев

Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинаны енді 18 жасқа дейінгі қыздар да тегін салдыра алады

АПВ

Ақтауда полицей қызметтік көлікпен 1,5 жасар баланы қағып кетті

жол-көлік апаты

«Бәріне төрешілер кінәлі емес»: футбол арбитрлері кәсіподақ ашуды қолға алды

.