USD
USD
USD

Қайрат Құдайбергеннің қамау мерзімі төрт айға ұзартылды

Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі төрт айға ұзартылды.

Қайрат Құдайбергеннің қамау мерзімі төрт айға ұзартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «21 шілде күні Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімі 4 айға дейін ұзартылды. Қамау мерзімі - 2022 жылдың 21 тамызына дейін ұзартылды»,- деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген болатын. 

Еске салайық, Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат 22 сәуірде пайда болған еді.  Кейін ҚР Бас прокуратурасы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын растады. 

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия