USD
USD
USD

Қайрат Құдайберген Дикий Арманның айналасына бірігуге шақырған - прокуратура

Алматы прокуратурасы Қайрат Құдайбергеннің ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қайрат Құдайберген Дикий Арманның айналасына бірігуге шақырған - прокуратура
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "2022 жылғы 21 сәуірде Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру мен оған қатысты деген күдікпен 25.12.1983 жылы туған Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлын ұстады. Ұсталған Қ.Қ. Құдайберген Алматы қаласы Полиция департаментінің УҰИ-на қамалды.

Алдын ала тергеу мәліметінше, Қ.Қ. Құдайберген А.Б. Жұмагелдиевпен ("Дикий Арман" бірге "Қазақстан" қонақ үйінде адамдар жинауды ұйымдастырып, Жұмагелдиевпен бірігуге, оны қолдауға және биліктің бірыңғай талаптарын ұсынуға шақырғаны, сондай-ақ адамдарды 10 адамнан бөліп, олардың топтарының ерекшеліктерінің белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыштарды таңуға нұсқау бергені анықталды", - деді Алматы қаласының прокуратурасы.

Ведомоство Құдайберген мен Жұмагелдиев жинаған топ алаңға шығып, Жұмагелдиев төңірегіндегі митингілерді біріктіруге, алаңда жедел штаб ұйымдастыруға және билік алдында бірыңғай талаптар қоюға тырысқанын мәлімдеді.

"Құдайберген - Жұмагелдиев ұйымдастырған акция заңғы қарсы, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен түрлі ауырлықтағы дене жарақаттарын келтірумен жаппай төбелеске ұласты. Құдайбергеннің жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруы мен қатысуы "Қазақстан" қонақ үйінен, Жұмагелдиев тобының ұсталған қатысушыларының ұялы телефондарынан алынған бейнежазбалармен, куәгерлердің айғақтарымен расталады", - деп толықтырды.

Қазір оқып жатыр

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.