«Қайрат» қырғыздың «Мессиін» сатып алды
«Алматының «Қайраты» Қырғызстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алықұловпен келісімшартқа қол қойды», – деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. 2000 жылы Бішкек қаласында дүниеге келген Гүлжігіт жергілікті «Дордой» командасында үлкен футболдағы алғашқы қадамын жасаған. 2017 жылы Түркияның «Антальяспор» клубының жастар құрамында өнер көрсетті. 2018 жылы Қырғызстанға оралып «Қара-Балта» және «Алға» командаларының намысын қорғады. Қырғызстан Премьер-лигасында барлығы 28 ойында 7 гол соғып, 9 мәрте нәтижелі пас берген. Қырғызстандық футболшы былтыр Беларусьтің Гродно қаласының «Неман» клубында 24 ойынға қатысты. Онда 4 гол соғып, нәтижелі 4 пастың иесі атанды.
Сондай-ақ, биыл «Қайрат» сапына қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов те қосылды. Былтыр «Ақтөбе» құрамында 29 ойынға қатысып, 16 гол соққан сұрмерген Абат Қазақстан ұлттық құрамасында да ойын көрсетіп жүр.
Қазір оқып жатыр
Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»
«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті
2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев
Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады