USD
USD
USD

Қайрат Ищановқа Президенттің құттықтау хаты табыс етілді

Қайрат Ищановқа Президенттің құттықтау хаты табыс етілді «Бүгін аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов облыстың "Құрметті азаматы" Қайрат Ищановтың 70 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай жолдаған хатын салтанатты түрде табыс етті», - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникация қызметі.

Қайрат Ищановқа Президенттің құттықтау хаты табыс етілді
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының хатын табыс еткен облыс әкімі Қайрат Ищановтың мемлекет дамуға қосқан үлесі, заң шығару саласындағы ерекше еңбегі мен қайраткерлігін де ерекше атап өтті. Сондай-ақ, мерейтой иесіне ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Марат Шайхутдиновтен де құттықтау хат келіпті. Салтанатты жиында Атырау облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов пен облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Өтешов сөз алып, мерейтой иесіне ақ тілектерін арнады.
Қайрат Қыдырбайұлы еңбек жолын қарапайым балықшылықтан бастаған. Еңбекқорлығы мен қажыр-қайратының арқасында әр жылдары Атырау облыстық Мәслихатының хатшысы, облыс әкімінің орынбасары болып қызмет етті. Екі рет Парламент Сенатының депутаты, Сенат комитеттерінің төрағасы, Сенат төрағасының орынбасары лауазымдарын абыроймен атқарды.
Қоғам мен мемлекетке сіңірген еңбегі лайықты бағаланып, «Құрмет», «Достық», «Парасат» ордендері, «Барыс» төсбелгісі мен бірнеше «Құрмет грамоталарымен» наградталды

Қазір оқып жатыр

Егеуқұйрық уы анықталды делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін

мұнай

«Шетелдіктер қарумен ұсталды»: полиция депутаттың мәлімдемесін теріске шығарды

Депутат