USD
USD
USD

Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды

Қаржылық мониторинг агенттігі «АзияГазЧунджа» ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа және «Qazaq Gaz» АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.  

Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2022 жылғы 23 желтоқсанда Бас прокуратура істі соттың қарауына жіберді.  

Ұлттық компанияға келтірілген залал «Qazaq Gaz» АҚ шоттарына аудару арқылы толық көлемде өтелді. 

Аяқталған іс шеңберінде азаматтық талап қою және мүлікті тәркілеу бөлігінде үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында айыпталушылардың 38 млрд теңге сомасындағы ақшалай қаражатына, 15 жылжымайтын мүлік объектісіне, 3 автокөлік құралына тыйым салынды. 

Агенттік Қайрат Боранбаевқа және басқа адамдарға қатысты газ экспорты кезінде ұрлау және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері бойынша бөлінген істер шеңберінде сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.  

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков