USD
USD
USD

Қайрат Боранбаев сот алдындағы соңғы сөзін айтты

Бүгін елорданың Сарыарқа аудандық №2 сотында Қайрат Боранбаев соңғы сөзін сөйледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайрат Боранбаев сот алдындағы соңғы сөзін айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Құрметті сот, сізге өз құқығымды қорғау үшін жүгінемін. Бұл істе прокурорлардың өз қателіктерін мойындауға батылдығы жетпеді. Осы орайда сот жіберілген қателіктерді түзетуге, әділдік пен заңдылықты қалпына келтіруге батылдығы жетеді деп үміттенемін. Өз қателіктерін мойындай алса, ол еркін адам», – деді Қайрат Боранбаев сот алдында.

Сондай-ақ, айыпталушы «АзияГазЧунджа» және «Qazaq Gaz» арасындағы мәміледен мемлекетке шығын келген болса, оны өтеуге дайны екенін жеткізді.

«Құрметті сот, сіз заң өкілісіз. Біздің ісімізде ұрандатушылық жоқ, біз жасаған мәміле тек коммерциялық сипатқа ие. Тергеу басталғаннан бері «АзияГазЧунджа» және «Qazaq Gaz» арасындағы мәмілені коммерциялық және заңды деп санап келдім, мүмкін мен қателескен шығармын. Сондықтан егер Qazaq Gaz мемлекет атынан бұл мәміледен шын мәнінде залал келтірілді деп есептесе, онда мен тергеу кезінде тапқан табысымды қайтаруға дайынмын. Бүгінде залал толық көлемде өтелді. Осы орайда заңды шешім қабылданады деп үміттенемін», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен

Дания Еспаева: 2027 жылғы бюджетте қауіпсіздік қоры жоқ

Дания Еспаева

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен ер адам ауруханадан шықты

Нұржігіт Қошановтың ауруханадан шыққан сәті