USD
USD
USD

Қайрат Боранбаев мемлекетке 120 миллиард теңгенің мүлкін қайтарды

Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыруға байланысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлады ҚМА. 

Қайрат Боранбаев мемлекетке 120 миллиард теңгенің мүлкін қайтарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тергеу шеңберінде жалпы құны 90 млрд теңгеден асатын активтерді, оның ішінде: мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақ үй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес орталықтар желісін, кеңсе үй-жайларын және басқа да активтерді мемлекет меншігіне ерікті түрде қайтару жөнінде шаралар қабылданды.

Сондай-ақ, Қ. Боранбаев Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды. Осы объектілердің барлығы мемлекеттік органдар мен компаниялардың балансына беріліп, болады, ал ақшалай қаражат білім беру инфрақұрылымын дамыту үшін пайдаланылатын болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Боранбаев табиғи газ импорты кезінде қаражатты жымқыру эпизоды бойынша тергеу аясында 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығынды өтеген болатын.

Агенттік заңсыз активтерді іздеу және қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты