USD
USD
USD

Қайрат Боранбаев Қазақстаннан қашу туралы ойы болмағанын айтты

Қамауға алынған кәсіпкер Қайрат Боранбаев ұсталғанға дейін елден қашуға әрекеттенбегенін айтты.

Қайрат Боранбаев Қазақстаннан қашу туралы ойы болмағанын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Астанадағы сот отырысының үзілісінде журналистер Қайрат Боранбаевтан оның елден қашпақ болған жерінде қамауға алынғаны туралы қауесет туралы сұрады.

"Бұл - негізсіз ақпарат. Мен сол кезде жиналыстарда болдым, кешкі сағат 17:00-де қалыпты жұмыс күні кезінде мені қамауға алды. Мен Бейжіңнен жаңа келдім (Боранбаев Ұлттық Паралимпиада комитетін басқарды - еск.), біз онда қола жүлде алдық. Иә, Ригаға түнде, сағат екіде ұшамын деп ойладым(...) Неге қашуым керек? Осында туып-өстім, әкем осында жерленген, анам да, бизнес те осында. Мен қайда қашуым керек?" - деді Боранбаев.

Ол рейстің жоспарланғанын түсіндірді. Оның адвокаттары сотқа бұл бір айға жоспарланған жұмыс сапары екенін дәлелдейтін барлық құжатты ұсынды.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық