USD
USD
USD

Қайырымдылық іс-шарасына қатысып, Мальдив аралдарына жолдама ұтып алды

«Spectrum» халықаралық мектебі Нұр-Сұлтанда Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шарасына қатысқандар Мальдив аралдарына жолдама ұтып алды.

Қайырымдылық іс-шарасына қатысып, Мальдив аралдарына жолдама ұтып алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қайырымдылық жәрмеңкесінде 22 елдің ұлттық-мәдени мұрасы, салт-дәстүрі мен тағамдары таныстырылып, көпшілікке ұсынылды. Мерекеге арнайы дайындалған сахналық қойылымдар мен әр ұлттың төл өнері халықаралық мектеп оқушыларының қатысуымен өтті. Ал қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражат мектеп ата-аналары басшылығымен еліміздегі көмекке мұқтаж жанұяларға табысталады. Осы жылғы қайырымдылық шарасына еліміздің және шет елдердің түрлі саладағы ұйымдары ат салысып, өз үлесін қосты.

Мерекеге орай ойнатылатын лотерея ішінде Мальдив аралдарындағы түрлі демалыс орындарына 4 жолдама берілді. Шарты тек көрмеге қатысып, қайырымдылық үшін құны 5000 тг тұратын билет алу керек болатын. Ал жолдамаға демеуші болған кәсіпкерлер «бұл сый – қайырымдылыққа қосқан өз үлесіміз», – дейді. Ізгілікті шара дәстүрлі түрде оныншы рет өткізіліп отыр. Елордадағы жергілікті және шетелдік білім алушыларға жоғары стандарттарға сай Кембриджтік халықаралық білім беру бағдарламалары мен емтихандарын ұсынатын «Spectrum» мектебінің оқушылары, ата-аналары, елшіліктер мен дипломатиялық миссия өкілдері фестивальдің өтуіне мұрындық болды.  

Қазір оқып жатыр

Перизат Қайраттың түрмеде немен айналысатыны белгілі болды

Перизат Қайрат

Үш миллиардты бөлейік. ЦентрКредит басшылығының мотивациясы НЕГЕ керемет болды?

БЦК

Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратындағы өрттің алдын ала себебі айтылды

өрт

Полиция полковнигі Данияр Мейрхан қызметінен шеттетілді

Данияр Мейірхан