USD
USD
USD

Қайырбек Өскенбаев Оралдан Атырауға дейін көлікпен жүріп өтетінін хабарлады

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жұмыс барысымен Батыс Қазақстан облысына барды. Бұл туралы ИИДМ басшысы Инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Қайырбек Өскенбаев Оралдан Атырауға дейін көлікпен жүріп өтетінін хабарлады
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE.Екі күндік жұмыс сапары барысында ведомство басшысы Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы республикалық маңызы бар автокөлік жолдарындағы жөндеу жұмыстарымен таныспақ. Сондай-ақ шалғай елді мекен тұрғындарымен кездесулер өткізу жоспарланған.

"Негізгі мақсатым – өңірдегі республикалық маңызы бар жолдардағы жөндеу жұмыстарын қадағалау. Алдағы екі күнде Оралдан Атырауға дейін көлікпен жүріп өтіп, жолдағы құрылыс жұмыстарының жай-күйімен егжей-тегжейлі танысуды жоспарлап отырмын. Негізінде, жұмыс орнында отырып, мәселені сырттай бақылап тапсырма беру бір басқа, "Жүз рет естігенше, бір рет көр" демекші, жұмыстар жүргізіліп жатқан жерге келіп, өз көзіңмен көру бөлек", – деп жазды Қайырбек Өскенбаев. 

Министрлік басшысы "Орал қ. – Казталовка ауылы –  "Казталовка – Жәнібек – РФ шекарасы" автожолы – "Өнеге – Бисен – Сайқын" автожолы – Хан Ордасы ауылы – Құрманғазы ауылы (Ганюшкино) Атырау облысы –  "Атырау-Астрахань" бағыты бойынша жүріп өтпек.

Осы ретте атап өткен жөн, бүгінге дейін министр өңірдегі бірқатар нысандарда болып үлгерді. Қайырбек Өскенбаев мердігер компания өкілдерімен кездесулерде қойылған міндеттемелерді уақытылы және тиімді орындауды және де "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ басшылығына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Инстаграмдағы жазбасында ведомство басшысы қазіргі күнде Батыс Қазақстан облысындағы "Казталовка – Жәнібек – РФ шекарасы" және "Өнеге – Бисен – Сайқын" автожолдарында жалпы ұзындығы 248 шақырымды құрайтын жолдарда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқандығын және бүгінде аталған көлік дәліздерінің 55 шақырымы пайдалануға берілгенін атап өткен.

Министрдің жұмыс сапары Атырау облысында жалғасын таппақ. Онда ол  "Атырау – Астрахань" бағытындағы жол жөндеу жұмысының барысымен танысады.

Айта кетейік, бұған дейін ИИДМ-да тапсырылған жұмыстардың сапасы мен оны жүзеге асыруды аяқтау мерзімін қадағалау мақсатында аймақтарға жиі іс-сапармен шығу туралы шешім қабылданған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанның бірқатар өңірінде күн райы бұзылады: ТЖМ ескерту жасады

ауа райы

Павлодар алюминий зауытында екі жұмысшы жарақат алды

Павлодар алюминий зауыты

Астанада LRT іске қосылғаннан кейінгі екінші күні тоқтап қалды

.

Maxi Шай жеткізетін курьерлер жалақыны көтеруге қол жеткізді

.