USD
USD
USD

Қайырбек Өскенбаев Еуразиялық даму банкінің Басқарма төрағасымен кездесті

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өңірлерді, өңдеу өнеркәсібін, қалалар инфрақұрылымын және елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған жобалар бойынша Еуразиялық даму банкімен ынтымақтастыққа мүдделі, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Қайырбек Өскенбаев Еуразиялық даму банкінің Басқарма төрағасымен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесу барысында Министрге Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) жұмыс нәтижелері және орта мерзімді жоспарлары туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, ЕАДБ-ның 2022-2026 жылдарға арналған стратегиясының негізгі бағыттары, сондай-ақ Қазақстан өңірлерін әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған өнеркәсіп және көлік инфрақұрылымы саласында іске асырылған және ағымдағы бірлескен жобалар талқыланды.

Николай Подгузов ЕАДБ сарапшылары Қазақстанның экономикалық өсім қарқыны жоғары болатынын болжап отырғанын айтты. Осыған байланысты Банк «Солтүстік – Оңтүстік», «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәліздерін қалыптастыруға, тауар өткізетін бірыңғай тауар желісін құруға және Орталық Азияның су-энергетикалық кешенін жаңғыртуға бағытталған бірқатар жобаларды іске асыруға мүдделі болып отыр. Жалпы ЕАДБ 2026 жылға дейін Қазақстан экономикасына кемінде 3,9 млрд доллар инвестиция салуға ниетті.

 Еліміздің инфрақұрылымдық нысандарын дамытудағы Банктің белсенді рөлін атап өткен Министр өңдеу өнеркәсібі, қалалар инфрақұрылымы саласындағы жобаларды іске асырудың және елдің көлік-транзиттік әлеуетін одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

ЕАДБ-ға Ақтау және Павлодар қалаларында 53 өңірлік кәріз тазарту жүйесін салу және реконструкциялау, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін кешенді жаңғырту сияқты республика үшін өзекті жобаларға қатысу ұсынылды.


 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино