USD
USD
USD

Қай пәннің мұғалімдері жетіспейді?

 Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы қала мектептерінде қай пәннің мұғалімдері жетіспейтіні туралы айтты.

Қай пәннің мұғалімдері жетіспейді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Нұр-Сұлтан қаласында негізінен орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдері, орыс тілі мен әдебиеті, сондай-ақ арнайы білімі бар мектепке дейінгі мұғалімдер қажет», - деп жауап берді басқарма ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына. Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы мектепке кадрлардың, мұғалімдердің жетіспеушілігі мәселесін бірнеше жолмен шешуді көздеп отыр. Атап айтқанда мұғалімдерді елордада жұмыс істеуге тарту үшін университет түлектерімен жазда онлайн кездесулер, ашық есіктер, жәрмеңкелер, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің түлектерімен кездесулер өткен.

«Елорда мектептерінің директорлары бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысты (Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті). Олар enbek.kz порталында үміткерлерді (соның ішінде аймақтардағы жұмыс істейтін мұғалімдерді) қарастыруда. Кадр тапшылығын жою үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жыл сайын студенттерді педагогикалық мамандықтарға оқытуға мемлекеттік тапсырысты арттырып жатыр. 2019 жылдан 350 орынды жас педагогтарға арналған жатақхана ашылды. Осылайша, кадр тапшылығы мәселесі шешілуде», - деді басқармадан.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда тағы бір суицид оқиғасы тіркелді: аурухана маңынан ер адамның мәйіті табылды

Полиция

Қашағанның активтеріне салынған шектеудің бір бөлігі алынды

Қашаған

Қазақстандықтардың ағылшын тілін білу деңгейі «өте төмен» деп бағаланды

Студент қыз

Павлодарда Аграрлық несие корпорациясы филиалының басшысы 25 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Пара алу