Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қай меморган қазақ тіліне немқұрайлы қарайды?

Кейбір мемлекеттік органдар интернет сайттарының қазақша нұсқаларына басымдық бермейді. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында кеңес мүшесі Асхат Садырбай мәлім етті.

Қай меморган қазақ тіліне немқұрайлы қарайды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Кейбір мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялар интернет сайттарының қазақша нұсқаларына басымдық бермейтінін, тіпті, әлеуметтік желілердегі әлеуметтік желілердегі парақшаларында да қазақша жазуға келгенде құлықты емес екенін көп байқап жүрміз. Кейбір мемлекеттік органдардың домендік атауы мемлекеттік тілде жазылмаған. Одан басқа, еліміздегі әртүрлі ірі халықаралық және жергілікті компаниялардың интернет сайттарынан да, әлеуметтік желілердегі парақшаларында да мемлекеттік тілге жеткілікті көңіл бөлінбегенін аңғаруға болады», – деді А. Садырбай.

Осы орайда ол интернетке, әртүрлі ақпараттық технологияларға, гаджеттерге тәуелділікті ескере отырып, бұл ерекше көңіл бөлетін жағдай екенін атап өтті.

«Бұл мәселені интернетте «Qazaqsha Jaz» жастар қозғалысының да көтеріп, белсенділік танытып жүргенін атағым келеді.Сондықтан, интернеттегі тіл мәселесіне көңіл бөлініп, мемлекеттік тілге қатысты талап қойылып, әлгі сайттар мемлекеттік тілде де жұмыс істесе тілдің қолдану аясы әлдеқайда кеңейіп, ана тіліміздің дамуына үлкен оң әсерін берер еді», – деді кеңес мүшесі.

Қазір оқып жатыр

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар

3 млрд теңге залал келген: Астанада жоқ пәтерлерді сатқан төрт адам сотталды

кісі өлімі