USD
USD
USD

Қай елдер карантин режимін жеңілдетіп жатыр?

Әлемнің бірқатар елдері карантин режимін жеңілдетіп жатыр.

Қай елдер карантин режимін жеңілдетіп жатыр?
Фото: NEGE.kz

Prensa Latina басылымының ақпарынша, карантин жарияланғалы 43 күннен кейін Парагвай үкіметі шектеулерді жеңілдету және компаниялар мен кәсіпорындарды жұмысқа қайтару жоспарын ұсынады. Бүгінгі таңда Парагвайда коронавирустың 213 жағдайы тіркелді, оның ішінде 142-сі белсенді, 62-сі жазылды және тоғызы қаза болды.
Алматы, NEGE. Associated Press хабарлағандай, Бразилия денсаулық сақтау министрі Нельсон Тейч елдің әлеуметтік оқшаулау шараларын жеңілдетуге дайын екенін мәлімдеді. Дегенмен бұл ел індеттің шарықтау шегінен әлі өткен жоқ. Бұл ел президенті Жаир Болсонарудың экономиканы қолдау және экономикалық дағдарысқа жол бермеуге бағытталған саясатына сәйкес келеді. Екі күн бұрын Болсонару ел астанасында Бразилия әскері күні құрметіне көп адамнан тұрған митинг өткізді. Бразилияда коронавирус жұқтырудың 46 182 жағдайы тіркелген, оның ішінде белсендісі – 17 940, жазылғандары - 25 318 адам, көз жұмғаны - 2924.
The Catholic Telegraph жазғандай, Ватикан мемхатшысы Пьетро Парлоин карантинннің алынып тасталуын талқылауға ниетті екенін айтты. Италияда жалпыұлттық карантин 4 мамырда алынып тасталады. Бұл ретте егер Ватиканда аурудың тек тоғыз жағдайы ғана тіркелсе (оның ішінде белсендісі – жеті), және ешкім қайтыс болмаған болса, ал Италияда індетті жұқтырғандар саны 187 327-ге жеткен, оның ішінде белсендісі – 107 699, жазылғандары- 54 543, қайтыс болғаны - 25 085.
Бір айға созылған карантиннен кейін Германияда кішкентай дүкендерге жұмыс жасауға рұқсат еткен, ал Росток қаласында тіпті жергілікті зоопарк те ашылған. Бұл ретте New York Times хабарлағандай, екі метр қашықтықты сақтау талабы сәуір айының аяғына дейін сақталады. Германияда коронавирусты жұқтырудың 150 648 жағдайы, оның ішінде белсендісі – 42 033, жазылғандары - 103 300, қайтыс болғаны - 5315.
Норвегия, Чехия мен Дания азаматтарының денсаулығын қорғау және экономиканы қолдау мақсатында шектеулерді ішінара алып тастау туралы шешім қабылдаған. Бұл елдердегі ауру жұқтырғандар саны сәйкесінше 7338, 7136 және 7912 адам, ал қайтыс болғандарының саны, сәйкесінше 187, 210 және 384.
АҚШ-тың 15 штаты, USA Today хабарлағандай, президент Дональд Трамптың «Американы қайта ашамыз» кампаниясы аясында карантиндік шараларды жеңілдетуді жоспарлауда. АҚШ-та 849 092 адам коронавирус жұқтырған, белсендісі - 717 361, жазылғандары - 84 050, қайтыс болғаны - 47 681.
Anadolu ақпараттық агенттігінің ақпарынша, Аргентина (3288 жағдай), Эквадор (10 850), Чили (11 296), Мексика (10 544), Перу (19 250), Боливия (672) және Уругвай (549) карантин шараларын жеңілдетуде.
Карантинді жеңілдетудің барлық жағдайында елдер экономиканы құлдыратуға жол бермеуге тырысуда.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

.

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

.

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

науқас

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет