USD
USD
USD

«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Ердоғанмен түскен фотосын жариялады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесуінен фото жариялап, емен-жарқын әңгімелескенін жазды.

Ердоған, Тоқаев
Фото: instagram.com/tokayev_online

Астана, NEGE. Мемлекет басшыларының жылы жүздесуінен түсірілген фото Қазақстан Президентінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

«Қадірлі бауырым Режеп Тайип Ердоғанмен резиденциямдағы емен-жарқын әңгімелесу сәтінен», – деп жазды Тоқаев.

Жарияланым әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Қазақстандықтар мен Түркия тұрғындары суреттегі ерекше жылу атмосфераны атап өтіп, екі ел арасындағы бауырластық қарым-қатынасқа тәнті болғандарын жазды.

«Керемет кадр! Нағыз бауырластықтың көрінісі»,
«Түрік халқымен бауырластығымыз мәңгі болсын»,
«Өте әсерлі фото. Бір шаңырақ астында отырған екі бауырлас халық. Түркі елдерінің бірлігі әрқашан берік болсын»,
«Бірлігіміз мәңгі жасасын», – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған 13 мамырда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Түркия Президентін Астана әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Екі ел басшылары Астанада екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқыламақ.

Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді деп жоспарланған.

Бұдан бөлек мемлекет басшылары Түркістан қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммитіне қатысады. Жиында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбы талқыланады.

Қазір оқып жатыр

АҚШ-та қазақстандық жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

.

«Әділет» партиясы Құрылтайда барынша көп орын алуды көздейді

.

AMANAT партиясы «Әділет» партиясының құрамына қосылды

.

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция