USD
USD
USD

Қадір түні құрметіне 321 сотталушыға рақымшылық жасады

Бүгін Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов министрлер кабинетінің цифрлық форматтағы кезекті отырысын өткізді. 

Түркіменстан
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Отырыс барысында Мемлекеттік Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Түркіменстан президенті жанындағы Азаматтық және рақымшылық жасау мәселелері бойынша ұсыныстарды дайындау жөніндегі комиссияның төрағасы Б.Гундогдыев қасиетті Қадір түні (Гадыр Гиджеси) мерекесіне орай сотталғандарға рақымшылық жасау жөніндегі комиссия жұмысының қорытындылары туралы баяндама жасады.

Баяндаманы тыңдаған президент Сердар Бердімұхамедов мейірімділік дәстүрін сақтай отырып, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан елдің 321 азаматына рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысы Комиссия төрағасына құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесіп, рақымшылық жасалған адамдарды уақытылы босатуды және олардың отбасыларына қайтарылуын ұйымдастыруды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова