USD
USD
USD

Қадырбек Шынбаев Азиадада аралас жекпе-жектен Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды

Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында 22 жастағы қазақстандық спортшы Қадырбек Шынбаев алтын медаль жеңіп алды.

Қадырбек Шынбаев
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Астана, NEGE. Шынбаев аралас жекпе-жектен (ММА) modern дисциплинасында 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.

«ММА биыл Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Қадырбек Шынбаев осы спорт түрінен Азия ойындарының алтынын жеңіп алған екінші қазақстандық атанды», – делінген министрлік хабарламасында.

Қадырбек Шынбаев 2026 жылдың қаңтарында ересектер арасында ММА-дан Азия чемпионы атанған. Осылайша, ол бір жыл ішінде Азия чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы атанып үлгерді.

Айта кетейік, бұған дейін 77 келіге дейінгі салмақтағы финалдық кездесуде отандасымыз Еркінғали Бүркіталин Қазақстан қоржынына алтын медаль салған еді. ММА-дің дәстүрлі стилі бойынша сынға түскен Еркінғали финалда бахрейндік қарсыласы Мұхаммед Нәбиевті айқын басымдықпен жеңді.

Ал аралас жекпе-жектен ХХ жазғы Азия ойындарында алғашқылардың бірі болып сынға түскен Санжар Әділов ММА-дің дәстүрлі стилі бойынша қола медаль жеңіп алды.

XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 35 спорт түрінен 558 спортшы қорғап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық