USD
USD
USD

Қадір түні 8 мамырдан 9 мамырға қараған түнге сәйкес келеді

Рамазан айында айтылатын уағыз-насихат, сұрақ-жауап жұмыстары онлайн режимде жүргізеді, қаламыздағы танымал қарилар онлайн Құран хатым оқиды.

Қадір түні 8 мамырдан 9 мамырға қараған түнге сәйкес келеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желідегі Азан.кз парақшасы арқылы күнделікті сағат 14.00-де онлайн қатысуға болады. Рамазан айында 8 (727) 329 0966, 8 700 719 7622 байланыс телефондары арқылы Алматы Орталық мешітінің Пәтуа Call-орталығы тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп отырады», – деді имам. 

Сонымен бірге, Е.Шоқай қасиетті айда қайырымдылық жасап, сауап алуды ниет еткен жандар «Берекелі Рамазан тосынсыйы», «Ауыз ашар қоржыны» атты акциялары аясында ауызашар қораптарын еріктілер немесе мешіт қызметкерлері арқылы көмекке мұқтаж азаматтардың үйлеріне жеткізілетінін айтты. Бұл шара еріктілер немесе мешіт қызметкерлері арқылы жасалады. 

Қасиетті айда «Рамазан керуені» атты қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылады. 

«Намаз оқып үйренейік», «Құран оқып үйренейік», «Қош келдің, Рамазан», «30 күнге 30 уағыз», «Бас имам мінбері» айдарымен қала мешіттерінің әлеуметтік парақшаларында онлайн дәрістер мен мешіт жамағаты арасында «Раббым, білімімді арттыр» сынды интелектуалды білім сайыстары өтеді», - деді іс-шаралар күнтізбесімен таныстырып өткен имам. 

Е.Шоқай шариғат және пәтуа бөлімі биылғы пітір садақа көлемін 420 теңге етіп бекіткенін хабарлады. Бұл еліміздегі 2 кг ұнның орташа бағасына сай. Сонымен қатар пітір садақасын мейізбен берем дегендер үшін 3580 тг., құрмамен есептесе 7 300 теңге. Ораза ұстауға денсаулығы жарамайтын және үлкен жастағы қарт кісілерге оразасы үшін фидия құны 2500 теңге деп бекітілді.

«Пітір садақасын мешіттерге келіп берумен қатар, Каспий.кз қосымшасы арқылы да беруге болады. Қала мешіттерінде Каспий QR қойылды», – деп ақпараттандырды имам. Сонымен қатар, Рамазанда Алматы қаласы мешіттерінің білікті имамдарының рухани уағыз-сұхбаттарын күнделікті ауызашар уақытында Алматы арнасынан көруге болады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Заң

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Автомектеп

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Әуежай

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді

такси