USD
USD
USD

Кабулдан Алматыға 100-ге жуық адам эвакуацияланды

Қауіпсіздік мақсатында БҰҰ-ның 100-ге жуық қызметкері Кабулдан Алматыға қашықтан жұмыс істеуге ауыстырылады. Егер жағдай тұрақталса, олар Ауғанстанға оралады. Бұл туралы 18 тамыз, сәрсенбіде БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик брифингте айтты.

Кабулдан Алматыға 100-ге жуық адам эвакуацияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметкерлерінің бір тобы бүгін Кабулдан Қазақстанға, Алматыға кетіп жатыр. Олар жұмысын қашықтан жалғастырады", - деп хабарлады Дюжарриктің сөзін РИА Новости.

Оның айтуынша, Ауғанстандағы БҰҰ-ның 100-ге жуық қызметкері Алматыда жұмыс істейді деп жоспарланған, олар жағдай тұрақталған кезде оралады.

Бұл арада Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, Ауғанстандағы ішкі саяси ахуалдың ушығуына байланысты БҰҰ Қазақстаннан Ауғанстанға көмек көрсету миссиясын (UNAMA) және Алматыдағы БҰҰ-ның басқа да агенттіктерін уақытша көшіруді сұраған.

"Қазақстан мен БҰҰ-ның жан-жақты өзара іс-қимылы рухы шеңберінде және осы ұйымның толық құқықты мүшесі ретіндегі міндеттемелері аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ өтінішін қолдау туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев