Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Кабулдан алғаш рет коммерциялық рейс ұшты

Ауғанстан астанасынан алғаш рет коммерциялық рейс ұшты. 

Кабулдан алғаш рет коммерциялық рейс ұшты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ауғанстан астанасынан алғаш рет коммерциялық рейс ұшып шығып Катардың Доха қаласына қонды. Бұл – Батыс елдерінің Кабулдан, өз азаматтары мен жергілікті тұрғындарды көшіріп біткеннен бергі, бірінші коммерциялық ұшақ. Рейс «Катар Эйр-уэйз» компаниясының ұшағымен жүзеге асырылды. Әуе кемесінің бортында АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Нидерланд және Украина азаматтары бар. Барлығы 200-ге жуық адам. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, бүгін Кабулдан тағы бір рейс жүзеге асырылуы тиіс.

Канада азаматы Лина Азизи: "Маған елден кету туралы шешім қабылдау қиын болды. Ол жақта көбірек қалушы едім, бірақ бұл соңғы рейс бола ма деп қорықтым. Электрондық хатпен хабарлама келгенде тез шешім қабылдауыма тура келді. Канададағы ұлым да кету керектігін айтты. Сондықтан туыстарымды ескертпей тез жиналып жолға шықтым, - деді.  

Ал Катар билігінің мәлімдеуінше, қазір Кабулдағы әуежай азаматтық ұшақтарды қабылдауға 90 процент дайын. Оны қалпына келтіруге Түркия да ат салысып жатыр. Еске сала кетейік, Ауанстанда Тәліптер билікке келе салысымен, мыңдаған адам елден кету үшін Кабулдағы әуежайға ұмтылған еді. Себебі тек осы әуе айлағы ғана, батыс әскерилерінің бақылауында қалып, адамдарды эвакуациялау осы жерден ғана жүргізілді. Жалпы 2 аптаға созылған операция кезінде 124 мыңнан аса адам көшірілген.

Қазір оқып жатыр

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш