USD
USD
USD

Құлыбаев, Ыдрысов пен министрдің туысына қатысты компанияның үлесі сатылып жатыр

Kundybai Mining-тің 20% акциясы 51,38 млн теңгеден сатылымға шықты.

Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Астана, NEGE. Қайтарылған активтерді басқару компаниясы «Kundybai Mining» акционерлік қоғамының 20% үлесін ашық саудаға шығарды. Саудаға ұсынылған пакеттің бастапқы бағасы – 51,38 млн теңге. Аукцион 24 желтоқсанда, сағат 10:00-де өтеді.

акция
sauda.e-qazyna.kz

«Kundybai Mining» компаниясының негізгі иесі – Kazakhstan's Mineral Resource Investment Company. Ал бұл ұйымның үш құрылтайшысы бар:

  • Joint Resources – бизнесмен Тимур Құлыбаевқа тиесілі.
  • «Orda Mining» ЖШС құрылтайшылары – Дінмұхамед Ыдрысов пен Мальгаждар Карин.
  • Сәуле Мұқашова – Kase-де жарияланған мәліметке сүйенсек, ол көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың жарының анасы.

ҚАБК жариялаған деректерге сәйкес, аталған акция пакеті ашық саудаға шығарылған және кез келген инвестордың қатысуына мүмкіндік бар.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский