USD
USD
USD

Әкім қабылдауына келген тұрғындарды неге ұялы телефонына түсірген?

Әлеуметтік желілерде Ұлытау ауданының әкімі Аманжол Мырзабековтің кабинетінде қабылдауына келген тұрғындарды ұялы телефонына түсіріп отырған бейнежазба тарады.

Аманжол Мырзабеков
Фото: @eto_ulytau/Instagram, видеодан кадр

Астана, NEGE. Ұлытау ауданының әкімдігі NEGE-ге бұл бейнежазба бір жыл бұрын, 2025 жылғы 1 тамызда түсірілгенін мәлімдеді.

Әкімдіктегілердің түсіндіруінше, сол күні сағат 13:10 шамасында екі азамат аудан әкімімен кездесуге келген. Әкімнің қызметтік кабинетіне кіргеннен кейін әлгі азаматтар себебін түсіндірместен, ұялы телефон арқылы бейнежазба жүргізе бастаған. Олар түсірілімді тоқтату туралы өтінішке құлақ аспаған. Осыдан кейін аудан әкімі де ұялы телефонын шығарып, олардың өзін видеоға түсіре бастаған.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, шенеунік мұндай әрекетке кездесудің толық әрі объективті тіркелуін қамтамасыз ету және бейнематериалдың кейіннен бұрмаланып таратылуының алдын алу мақсатында барған.

Қазір оқып жатыр

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду

Қазақстанның газ саласында 24 млрд теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталды

газдандыру

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов

«20 млн теңге ұсынды»: Павлодарда қаза болған кәсіпкердің анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді

Икрам Нұрмашов