USD
USD
USD

Қабатов басшылық қызметке тағайындалды

Танымал әзіл-сықақшы Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке кіріскенін қуана хабарлады.

Қабатов басшылық қызметке тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Құрметті достар, жағымды жаңалығыммен бөлісейін. Өмірімнің өрнегі – шығармашылық жолымның жаңа белесіне қадам басқалы отырмын. 1-қарашадан бастап Қазақстанның ақпарат айдынында орны бөлек 31 арнаның ойын-сауық бағдарламарының Продюсері қызметіне кірісемін. Жуырда ғана арна басшылығы ауысып, Құрманбек Жұмағали бастаған заманауи көзқарасы бар медиаменеджерлердің жаңа толқыны келді. Қазір ұжымның қолға алып отырған жоба-жоспарлары менің де көңілімнен шықты. Бұл ауқымды теле-жобаларды іске асыру үшін үлес қосуға шақыру түскенде көп ойланбастан қабыл алдым. Патша көңілді көрермен көңілінен шығамыз деп ойлаймын. Ендеше, 31 арна назарда болсын!», – деп жазады Қабатов.

Қазір оқып жатыр

Әпкесін отшашумен құттықтамақ болған Астана тұрғыны 5 тәулікке қамалды

отшашу

Непалдағы жойқын су тасқыны: қазақстандық турист іздестіріліп жатыр

су тасқыны

Құрылтай депутаттарына алтыннан емес, жезден әзірленген төсбелгі табысталды

Құрылтай төсбелгісі

АҚШ-та ұлттық қауіпсіздікке төнген ықтимал қатерге байланысты төтенше жағдай жарияланды

төтенше жағдай