«Jusan» жыры: Көп ұзамай КАТСУ да кетеді
Тұрақты оқырманымыздың хабарлауынша, Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу көп ұзамай қызметінен кетеді.
«Отса салса – жанбайтын, суға салса – батпайтын» Катсу 15 маусымға дейін ғана Назарбаев Университетінің президенті болмақ. Катсуға қатысты бүгін осындай шешім шыққан.
Н.Назарбаев пен Ш.Катсу. Фото: Ақорда
15 маусымнан кейін ол Назарбаев Университеті президенті, Назарбаев зияткерлік мектебі қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Назарбаев қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «First Heartland Jusan Bank» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы деген мәртебелі лауазымдарынан айырылады.
Экс-президент Н.Назарбаевтың аты-жөні бар қай жерде де Шигео Катсу жүретін еді, енді олай болмайтын сыңайлы.
Түрлі халықаралық ұйымдарда жұмыс істеген, халықаралық банк жүйесінде тәжірибесі бар Катсуды «Ескі Қазақстанның» өкілдері менеджерлікке бекер жалдамаса керек-ті. Жапон маманын жақсы танитындардың айтуынша, ол ақшаны қалай шекарадан шығарып әкетуді және оны ешкім таппайтындай етіп қалай жасыруды жақсы білетін көрінеді.
Соңғы уақытта экс-президент пен оның айналасындағылардың «Жусан банктен» қалай көз жазып қалғаны жиі сөз болып жүр. NEGE порталы да бұл туралы бірнеше рет зерттеу материал жариялаған.
Жуырда Jusan Bank-тің Шигео Катсуға дивиденд төлеуге құлықты екенін жазғанбыз. Банктің оған неліктен жомарттық таныта қалғанының құпиясы енді белгілі бола бастағандай...