12 Шілде 10:44
...

«Jusan» жыры. Банк НЕГЕ мемлекеттік көмекті оңайшылықпен қайтара алмайды?

Фото:

«Jusan bank» тарапынан «мемлекетке қолдау білдірген қаржысын қайтарып беру» жөнінде мәлімдеме жасалғаннан кейін, сарапшыларға банктің оны қалай жүзеге асыратыны қызық болып отыр. Көбісі «Jusan bank» үшін өз активтерін, яғни еншілес ұйымдарын сатудан басқа жол деген пікірде.

«Jusan bank» бойынша мәмілелерге қатысы бар дереккөз мәліметінше, мемлекеттің «Цеснабанк» көрсеткен қаржылық қолдауы 1,5 триллион теңге, ал «АТФБанк» алған көмек 250 миллиард теңгеге тартады. Яғни, осы екі банкті біріктіріп, құрылған «Jusan bank» енді уәдесін орындағысы келсе, 1,75 триллион теңгені орнына қоюы тиіс.

2021 жылдың қортындысы бойынша банктің 2,6 триллион теңге активі бар. Оның ішіндегі ақша және оның эквиваленттері 900 миллион теңгеден, ал клиенттерге берген кредиттері 700 миллиард теңгеден асады. Бірақ банктің 2,1 триллион теңгеге міндеттемелері бар екенін ескеру керек. Онымен бірге, «Jusan bank» 2021 жыл көрсеткен таза пайда бар-жоғы 16,5 миллиард теңге болған.

"Jusan bank" АҚ 2021 жылдың қортындысы бойынша аудиттелген қаржылық есебі. Аудитор: KPMG

«Техникалық тұрғыдан алсақ, бұл көмек «Цеснабанк» акционерлеріне көрсетілді», – деп түсіндіреді, қаржы кеңесшісі Расул Рысмамбетов. «2-3 жылдың ішінде таза табыс пен актвитерді сатқан жағдайда, мемлекеттің көмегін қайтаруға мүмкіндік бар. Банктің еншілес ұйымдары аз емес».

«Бірақ банкке ол үшін бүгіннен бастап стратегиялық бағытта жақсылап жұмыс істей бастау керек. Операциялық тиімділігін көтеру керек. Осы тұрғыда «Цеснабанк» пен «АТФБанк» акционерлеріне үлкен сұрақ туындайды.Көмекті олар алды ғой. Сондықтан сұрақты соларға да қойған дұрыс»

Банктің 78 пайыз үлесі «First Heartland Securities» қаржылық тобына, қалған 20 пайызы Ғалымжан Есеновке тиесілі. Өз кезегінде FHS «NU Generation Foundation» компаниясына бағынады. Бір сөзбен айтқанда, барлығының түпкі қожайыны – дербес зейнеткер Нұрсұлтан Назарбаев.

«Jusan bank» қарыздарын жабуға FHS көмектесе ала ма? Қаржылық топтың 2021 жылғы таза табысы шамамен 52 миллиард теңгеге жетті. Бірақ ол да көп емес.

"First Heartland Securities" АҚ 2021 жылдың қортындысы бойынша аудиттелген қаржылық есебі. Аудитор: KPMG

«Jusan bank» бұл ретте Қырғызстандағы еншілес үйымы «Оптима банкті» сатуы мүмкін деген пікірлер де айтыла бастады. Бірақ ол туралы банк ресми ақпарат таратқан жоқ.

Таза пайдадан 1,7 триллион теңге қарызды қайтару жақын жылдары мүмкін емес екенін ескерсек, еншілес ұйымдарын сату банк үшін жалғыз шешім екенін де көріп отырмыз.

Тегтер: