USD
USD
USD

Junior Eurovision: Өтінім беру басталды

«Junior Eurovision Song Contest» халықаралық ән байқауының ұлттық іріктеуіне қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды. Бұл шараны «Хабар» агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып ұйымдастыруда.

Junior Eurovision: Өтінім беру басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Байқаудың финалы 2020 жылдың 29 қарашасында Варшавада (Польша) өтеді.

Осы байқауға Қазақстанның осымен үшінші мәрте қатысуда.

Байқауға 9 жастан 14 жасқа дейінгі орындаушылар қатыса алады (финал уақыты кезінде - яғни, 2020 жылдың 29 қарашасында үміткердің жасы осы көрсеткіштен асып кетпеуі керек ). Ұлттық іріктеу 4 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – өтінімдерді қабылдау. Қатысушыларға сауалнаманы толтырып, өзі орындаған әннің бейнежазбасын Ұлттық іріктеудің ресми сайтына jevision.khabar.kz жүктеуі керек. Өтінімдер 20 тамызға дейін қабылданады.

Екінші кезең – бұл халықаралық ән байқауларының жеңімпаздары мен танымал орындаушылардан құралған әділ-қазы алқаларының шешімімен ең мықты деген 30 қатысушыны іріктеу кезеңі.

Үшінші кезең – jevision.khabar.kz сайтындағы онлайн дауыс беру сатысы. Бұл кезеңде қазақстандықтардың әрқайсысы өзіне ұнаған қатысушыға дауыстарын бере алады. Онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша Ұлттық іріктеудің 12 финалисі анықталатын болады.

Төртінші кезең – Ұлттық іріктеудің финалы, бұл кезеңде еліміздің ең танымал деген композиторларының қатысушыларға арнап жазған арнайы әнін орындау арқылы, 12 финалист әнді шебер орындау жағынан жарысқа түседі. Әділ-қазылар алқасының берген бағасы мен SMS дауыс беру нәтижесінде жеңімпаз анықталатын болады. Ең көп ұпай жинаған финалист Варшавада өтетін «Junior Eurovision Song Contest» Халықаралық ән байқауында Қазақстан атынан сайысқа шығатын болады.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны