USD
USD
USD

Junior Eurovision байқауының ұлттық іріктеуіне өтінімдерді қабылдау аяқталды

  Junior Eurovision байқауының ұлттық іріктеуіне өтінімдерді қабылдау аяқталды.

Junior Eurovision байқауының ұлттық іріктеуіне өтінімдерді қабылдау аяқталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Jevision.khabar.kz сайтына өтінімін жібергендердің арасынан 30-сы келесі кезеңге өтеді. Байқауға 9 жастан 14 жасқа дейінгі орындаушылар қатыса алады (финал уақыты кезінде, яғни 2021 жылдың 19 желтоқсанда, үміткердің жасы осы көрсеткіштен асып кетпеуі керек). Ұлттық іріктеу 4 кезеңнен тұрады.      

   Бірінші кезең – өтінімдерді қабылдау.  Екінші кезең – бұл  халықаралық ән байқауларының жеңімпаздары мен танымал орындаушылардан құралған әділқазы алқаларының шешімімен ең мықты деген 30 қатысушыны іріктеу кезеңі.

Үшінші кезең – jevision.khabar.kz сайтындағы онлайн дауыс беру сатысы. Бұл кезеңде қазақстандықтардың әрқайсысы өзіне ұнаған қатысушыға дауыстарын бере алады. Онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша Ұлттық іріктеудің 12 финалисі анықталатын болады. 

Төртінші кезең – Ұлттық іріктеудің финалы, бұл кезеңде еліміздің ең танымал деген композиторларының қатысушыларға арнап жазған арнайы әнін орындау арқылы 12 финалист әнді шебер орындау жағынан жарысқа түседі. Әділқазылар алқасының берген бағасы мен SMS дауыс беру нәтижесінде жеңімпаз анықталатын болады. Ең көп ұпай жинаған финалист Парижде өтетін Junior Eurovision Song Contest халықаралық ән байқауында Қазақстан атынан сайысқа шығатын болады. Қазақстан аумағында Junior Eurovision Song Contest сайысы «Хабар» телеарнасында трансляцияланады. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.