USD
USD
USD

«Junior Euravision» ән байқауы жаңа форматта өтеді

«Junior Euravision» байқауы жаңа форматта өтпек. 

«Junior Euravision» ән байқауы жаңа форматта өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. Еуропалық хабар тарату одағы (ЕВС) биыл жыл сайынғы «Junior Eurovision 2020» халықаралық ән байқауының финалы жаңа форматта ұсынылатынын жариялады.

Бұл шешімнің басты себебі - COVID-19 пандемиясы. Барлық финалистердің денсаулығын сақтау мақсатында байқауда орындалуға тиісті әндер сайысқа қатысушы елдің жергілікті студиясында орындалады, деп хабарлады «Хабар» агенттігі.

ЕВС ақпараты бойынша, барлық қатысушы елдердегі одақ мүшелері әртістің өнерін түсіру кезінде бірдей орналасқан сахна мен техникалық жабдықтарды пайдалануға келісті. Байқаудың финалы алда жоспарланғандай, 29 қараша күні өтеді.

Биыл финалға 13 ел: Армения, Беларусь, Франция, Грузия, Қазақстан, Мальта, Нидерланды, Ресей, Сербия, Испания, Украина, Польша және Германия қатысады.

«COVID-19 пандемиясының себебінен туындап жатқан сапарларға қойылған шектеулер және басқа да мәселелерге байланысты биыл «Junior Eurovision» ән байқауының барлық қатысушыларын Польшада қабылдай алмаймыз», - деді конкурстың супервайзері Мартин Остердаль.

«Алайда, 2003 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан бұл байқау жалғасуы тиіс деп шештік. Биылғы өзгерістерге қарамастан, өз елінің өкілі ретінде таңдалған барлық талантты жастар әлі де өздерін көрсетуге мүмкіндігі бар және дәстүр бойынша бүкіл әлемнің отбасылары өзінің сүйікті әніне онлайн режимде дауыс бере алады», — деп атап өтті жобаның атқарушы жетекшісі.

Қазір оқып жатыр

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

.

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

.

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Ақ жол

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті

.