Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Jas Otan»-ның 2025 жылға дейінгі бағдарламасы таныстырылды

«Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев ұйымның 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасын таныстырды.

«Jas Otan»-ның 2025 жылға дейінгі бағдарламасы таныстырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Біз партиямыздың төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен «Жастар – Отанға!» бағдарламасының жобасын әзірлеген болатынбыз. Қазіргі таңда бұл жоба жастардың арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Бағдарлама жастардың барлық санатын қамтиды. Ол бес бағыттан тұрады. Біріншісі – азаматтық белсенділік, екіншісі – сапалы білім, үшіншісі – жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту, төртінші – жас отбасыларды баспанамен қамту және қолжетімді баспана, бесіншісі – тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу», – деді бағдарламаны ОКҚ алаңында таныстырған Елнұр Бейсенбаев.

Оның айтуынша, бағдарлама жасалмас бұрын «Jas Otan» Жастар қанатының мүшелері ел бойынша онлайн және офлайн режимде 200-ге тарта кездесу өткізген.

«Сол кездесулердің аясында жастар тарапынан 4 мыңға жуық ұсыныс жинадық. Жалпы «Жастар – Отанға!» бағдарламасын әзірлеу барысында қандай мәселелерге ден қойдық. Біріншіден жастар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Екіншіден Канада, Германия секілді елдердің жастар саясатын қолдау бойынша халықаралық тәжірибелерін зерттедік. Сондай-ақ БҰҰ жастарды қолдау стратегиясы – осы бағдарламаның негіздерінің бірі болды. Жалпы бұл бағдарламаны дайындаған кезде Мемлекет басшысының Жолдауда жастарға қатысты айтқан мәселелерін қамтыдық», – дейді ол.

Айта кетерлігі, «Jas Otan» жастар қанатының құрамына 106 мың азамат бар.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында әйелді өз пәтерінде пышақтап кеткен: күдікті ретінде көршісі ұсталды

Пышақ жарақаты

Ауыр жүк таситын транзиттік көліктерге Астанаға кіруге тыйым салынды

транзиттік жүк көлігі

Алматы полициясы Канье Уэсттің концертінің билетіне қатысты маңызды ескерту жасады

концерт

Қазақстанда смартфон сату ережелері өзгерді: тұтынушы нені білуі керек?

верификация