USD
USD
USD

«J2-8243: соңғы рейс»: Ақтаудағы ұшақ апаты туралы деректі фильм шықты

Әзірбайжанның Baku TV телеарнасы Ақтаудағы ұшақ апаты туралы деректі фильмді көрермен назарына ұсынбақ. 

Баку ұшағы
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. «J2-8243: соңғы рейс» деп аталатын деректі фильм ертең, 31 наурызда әзірбайжандық Baku TV арнасында көрсетіледі. Фильмде ұшақ апатынан тірі қалған адамдардың естелігі, сын сағатта көмекке келген құтқарушылар мен басқа да мамандардың қызметі, қаза тапқандар туралы ойтолғаулар қамтылған.

Фильм авторларының айтуынша, мақсат – ел басына түскен қайғы-қасіретті қайыспай көтерген адамдардың ерлік ісін дәріптей отырып апаттан қаза тапқандардың еске алу.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр 25 желтоқсанда Әзірбайжан авиакомпаниясының ұшағы Ақтауда апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты. Тірі қалғандар саны – 29 адам.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты