USD
USD
USD

Израильдегі қақтығыс салдарынан жүздеген адам жараланды

Израильде Эритреядан келген босқындардың ереуілі қақтығысқа ұласып, 150-ден аса адам жараланды. Оның біразы – полицейлер, деп жазды 24.kz.

Израильдегі қақтығыс салдарынан жүздеген адам жараланды
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Тель-Авивте Эритрея елшілігімен ұйымдастырылған шара өтіп жатқан. Осы мемлекеттен келген мигранттар жақын маңда ереуіл ұйымдастырған. Біреулері Шығыс Африкадағы бұл елдің билігін қолдаса, басқалары қарсы болған. Сөйтіп шеру соңы тәртіпсіздіктерге ұласып, полицейлердің араласуына тура келді. Ашуға булыққан ереуіл қатысушылары маңайдағы ғимараттардың терезелерін сындырып, көліктерді талқандаған.

Күштік құрылым өкілдері көз жасаурататын газ, гранаталар мен пластик оқ қолданған. Қазір жағдай бақылауға алынды. Бүгін арнайы отырыс өту керек. Оның қорытындысы бойынша, тәртіпсіздік қатысушылары депортациялануы мүмкін. Сонымен қоса полицейлердің қару қолдануына қатысты тергеу де жүріп жатыр.

Айта кеткен жөн, Израильде 18 мыңға жуық эритреялық босқын тұрады. Көбі кезінде елге Египет арқылы заңсыз өтсе керек.   

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай