USD
USD
USD

Израильде үшінші мәрте парламент сайлауы жарияланды

Израиль билігі биыл үшінші мәрте парламент сайлауын тағайындауға мәжбүр болды. Кнессет фракциясы басқару коалициясын жасақтай алмаған соң, депутаттар парламентті тарату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы «Гаарец» газеті хабарлады.

Израильде үшінші мәрте парламент сайлауы жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұның алдындағы сайлау 17 қыркүйекте өтті. «Ликуд» партиясы парламенттегі 31 орынға ие болса, «Кахоль-Лаван» 33 мандат алды. Кнессет 120 депутаттан тұрады. 21 қазанда ел премьер-министрі Биньямин Нетаньяху үкіметті уақытында жасақтай алмағанын мәлімдеп, бұл істі оппозиция лидеріне тапсырды. Бірақ ол да үкімет жасақтай алмады.

Биыл мамыр айында Израильде алған рет парламент сайлауы қайта өтті. Сол кезде де премьер-министр коалиция жасақтай алмаған. Үшінші мәрте жарияланған парламент сайлауы 2020 жылы 2 наурызда өтеді.

Қазір оқып жатыр

Дайрабаев Қожаназаров туралы: «Көреалмаушылықты доғаруымыз керек»

Жигули Дайрабаев

«Ауыл» партиясы Құрылтай депутаттығына 69 кандидатты ұсынды

Ауыл партиясы

Мемлекет басшысы Назарбаевқа ізгі тілегін жолдады

.

Қазақстанда 62 жанармай құю бекетінің қызметі тексеріліп жатыр

Бензин, дизель