USD
USD
USD

Израильде соғысқа қарсы наразылық акциялар өтті

Акцияға 100 мыңнан астам адам қатысып, қақтығысты тоқтатуды және Газа секторындағы тұтқындарды босатуды талап етті. 

Наразылық акциялар
Фото: DW

Алматы, NEGE. Сенбі күні кешке Тель-Авив көшелеріне ондаған мың адам шығып, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуның Газа секторындағы соғысты күшейту туралы шешіміне қарсы пікірін білдірді. Бұған дейін премьердің кеңсесі әскери-саяси кабинет Газа қаласын басып алу және қираған палестиналық анклавтағы ұрыс қимылдарын кеңейту жоспарын мақұлдағанын хабарлаған еді. Бұл шешім ел ішінде де, шетелде де қатты сынға ұшырады. Әскерилер “операция” тұтқындардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, митингіге 100 мыңнан астам адам жиналған. Қатысушылар соғыс қимылдарын дереу тоқтатуды және тұтқындарды қайтаруды талап етті.

– Бұл жай ғана әскери шешім емес. Мұның кесірінен біз үшін ең қымбат жандардың өмірі қиылуы мүмкін, – деді тұтқында отырған Омри Миранның жұбайы Лишай Миран Лави.

Ол Дональд Трампқа соғысты тоқтатуға араласу жөнінде үндеу жасады.

Сауалнама деректері бойынша, израильдіктердің басым бөлігі Газа секторында жауынгерлердің қолында қалған 50 тұтқынды босату үшін соғыс қимылдарын тоқтатуды қолдайды. Билік олардың шамамен 20-сы тірі екенін айтады.

– Олар – фанатиктер. Ел мүддесіне қайшы әрекет етіп жатыр, — деді Тель-Авив маңындағы қала тұрғыны, 69 жастағы зейнеткер Рами Дар.

Ол да Трампты тұтқындарды босату жөнінде келісім жасауға үндеді.

Айта кетейік, Тель-Авивте үкіметті ХАМАС-пен атысты тоқтату және тұтқындармен алмасу жөнінде келісім жасауға үндейтін акциялар тұрақты түрде өтіп тұрады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты