USD
USD
USD

Израильде мыңдаған адам шеруге шықты

Газа секторында атысты тоқтатуды талап еткендер Израильде ірі митингі өткізді, деп хабарлады  CNN.

Израиль
Фото: The Guardian

Алматы, NEGE. Ең үлкен наразылық Тель-Авивте болды, ол демонстранттардың полиция қызметкерлерімен қақтығысына апарып соқты.

Митингшілер атысты тоқтатуға және барлық израильдік кепілге алынған адамдарды отанына қайтару үшін бейбіт келісімге жасауға шақырады.

The Guardian басылымы кейбір наразылық білдірушілер "соғысты тоқтатыңыз және көмектесіңіз" деген плакаттармен шыққанын жазады. Демонстранттар Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың отставкаға кетуін және жаңа сайлау өткізуді талап етті.

– Біз бұл бейнелерді бәріміз көрдік. Үкімет бұл адамдардың барлығын тастап кеткеннен кейін үйде отыра алмадық, - деді" Барлық кепілге алынған адамдарды қайтаруды талап ететін әйелдер наразылығы" тобынан Хилит Саги.

Полиция жиналғандарды таратуға тырысты, жеті адам қамауға алынды, бір адам жарақат алды.

Еске сала кетейік, бұған дейін мыңдаған израильдіктер Рапақ шапқыншылығына наразылық білдірген болатын.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Қытай

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

ERG

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

Кенші

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді

.