Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Израиль Суданға делегация жіберді

Израиль өкілдері Судан астанасы Хартумға барды. Бұл – өткен айда тараптар қарым-қатынасты қалыпқа келтіру туралы келісімге келгеннен кейінгі алғашқы сапар, деп хабарлайды Middle East Monitor.

Израиль Суданға делегация жіберді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дүйсенбі күні Израиль делегациясы Суданға АҚШ-тың делдалдығымен екі елдің билігі бір ай бұрын қарым-қатынасты қалыпқа келтіргену туралы келісімге келгеннен кейін экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты талқылау үшін алғаш рет барды.

Келіссөздер барысында Суданға ауылшаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, сумен жабдықтау және денсаулық сақтау саласындағы көмек мәселелері қозғалды. Израильдік делегаттар Хартумдағы АҚШ елшілігінің өкілдерімен де кездесті.

«Суданға келген алғашқы делегацияның соңынан бірнеше аптадан кейін үлкен «экономикалық делегация» аттанады. Бұл ынтымақтастық туралы келісімге қол қою ықтималдығын арттырады», – деп атап өтті израильдік делегация өкілі Эли Коэн.

Судан БАӘ мен Бахрейннен кейін осы жылы Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру туралы келісімге қол қойған үшінші араб елі болды.

Келісімге қол қойылған күні АҚШ президенті Дональд Трамп Конгреске Суданды терроризмге демеуші елдер тізімінен шығару керек деп хабарлады.

Осы уақытқа дейін араб елдерінен тек Египет пен Иордания ғана еврей мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынаста болды. Осы уақытта Израильдің араб елдерінің басым көпшілігімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуы Палестина әкімшілігінің қатты айыптауына себеп болды

Қазір оқып жатыр

Археолог Андрей Астафьев: ​Ғалымдар ғылымнан бұрын күнкөріс қамын ойлауға мәжбүр

Археология

Қазақстандықтар 2028 жылдан бастап Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады

Оңтүстік Корея

Үй жануарын асырай алмайтын жағдайда, иесі оған жаңа орын тауып беруге міндеттелмек

Ит

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін заңгер өз әйеліне зәбір көрсеткен

Тұрмыстық зорлық-зомбылық