Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Израиль Pfizer вакцинасының тиімділігіне күмән келтіріп отыр

Вакцинаның алғашқы дозасын енгізгеннен кейін де 12,4 мыңнан астам израильдік коронавирус жұқтырған. Израиль Pfizer компаниясы жасап шығарған вакцинаның тиімділігіне күмән келтіріп отыр

Израиль Pfizer вакцинасының тиімділігіне күмән келтіріп отыр
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. Коронавируспен күрес жөніндегі ұлттық бағдарламаның өкілі әрі профессор Начман Аш осыған қатысты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, вакцинаның алғашқы дозасын енгізгеннен кейін де 12,4 мыңнан астам израильдік коронавирус жұқтырған. Оның 69-ы екпенің екінші дозасын қабылдаған соң ауруға шалдыққан. Профессор бұл препарат вирустың жаңа штамдарынан қорғамауы мүмкін дегенді айтып отыр. Осы күнге дейін екі миллионнан астам израильдік вакцинаның бірінші дозасын, 400 мың адам екінші дозасын қабылдаған. 18 қарашада америкалық Pfizer компаниясы өзі жасаған вакцинаның тиімділігі 95% деп хабарлаған еді. Сынаққа қатысқан 43 мыңнан астам еріктінің 170-інің вирусты жұқтырғаны жарияланған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Әкемнің көзқарасын ешқашан қолдаған емеспін»: Бейбіт Әлібеков мәлімдеме жасады

.

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы