USD
USD
USD

Израиль миллион адамға вакцина екті

Израильдің миллионыншы тұрғынына Хайфа округіндегі Умм-эль-Фахм қаласындағы вакцинация орталығында коронавирусқа қарсы вакцина егілді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Израиль миллион адамға вакцина екті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Миллионыншы адам - Мұхаммед Джабарин. «Өзімді керемет сезініп тұрмын», - деді ол процедурадан кейін.
 
Израильде халықты COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау 20 желтоқсанда басталған болатын. Бірінші кезеңде Pfizer вакцинасын медицина қызметкерлері, медицина саласында оқитын студенттер, гериатриялық мекеме қызметкерлері мен билік өкілдері алды. Екінші кезеңде 60 жастан асқандар мен қауіп тобындағы адамдар егілді.

Израиль шілдеде Moderna-мен болашақ вакцинаны сатып алу туралы келісімге қол қойған. Сонымен қатар, ел 1 қарашада коронавирусқа қарсы өз вакцинасының клиникалық сынақтарын бастады. Сынақтар үш кезеңде өтеді, соңғысы сәуір-мамыр айларына жоспарланған.
 
Одан бөлек, Иерусалимдегі Хадасса медициналық орталығы коронавирусқа қарсы ресейлік Спутник V вакцинасының 1,5 миллион дозасына тапсырыс бергені туралы хабарланды. Елдің денсаулық сақтау министрлігі рұқсат берсе, аурухана вакцинаны шетелдегі бөлімшелерінде қолдануды жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy