USD
USD
USD

Израиль мен ХАМАС тұтқындарын айырбастауға келісті

Израиль ұстаған палестиналық әйелдер мен балаларды ХАМАС кепілге алған жүз израильдікке айырбастау туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлады al Arabiya телеарнасы.

Израиль мен ХАМАС тұтқындарын айырбастауға келісті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Израиль ұстаған палестиналық әйелдер мен балаларды ХАМАС кепілге алған жүз израильдікке айырбастайды туралы келісімге қол жеткізілді", - деп хабарлады телеарна.

7 қазанда ХАМАС Израильге бірнеше мың зымыран атып, "Әл-Ақса тасқыны" операциясының басталғанын жариялады. Осыдан кейін ұйым жауынгерлері Израильдің оңтүстігіндегі шекаралық аймақтарға басып кіріп, әскерилерге де, бейбіт тұрғындарға да оқ жаудырды, сонымен қатар 200-ден астам адамды кепілге алды. Израильде жергілікті биліктің мәліметі бойынша, 1,4 мыңнан астам адам қаза тапты, оның ішінде 300 әскери бар, 5 мыңнан астамы жарақат алды.

Бұған жауап ретінде Израиль армиясы Газа секторында ХАМАС-қа қарсы "Темір қылыштар" операциясын бастады. Бірнеше күн ішінде израильдік әскерилер Газамен шекараға жақын орналасқан барлық елді мекенді бақылауға алып, сектор аумағындағы нысандарға, соның ішінде бейбіт тұрғындарға әуеден соққы бере бастады. Газа секторының тұрғындары Израильдің жаппай әуеден бомбалауынан және анклавтың толық блокадасы салдарынан болған азық-түлік, су және дәрі-дәрмек тапшылығынан зардап шегіп отыр.

Газа секторында құрбан болғандар саны 10 мыңнан асты. 24,8 мыңнан астам адам жараланған. Түрлі дереккөздердің хабарлауынша, 150-ге жуық израильдік Хамастың тұтқынында болуы мүмкін. Қозғалыстың өзі Газа секторында 200-250-дей тұтқын бар екенін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-да 11 елді мекенге сел қаупі төніп тұрғаны хабарланды

Сел

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

.

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Ердоған, Тоқаев

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

ауа сапасы