USD
USD
USD

Израиль Газа секторына әуеден соққы жасады

Израильдің қорғаныс күштері Газа Секторындағы Хамас қозғалысының нысандарын зымыранмен атты.

Израиль Газа секторына әуеден соққы жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұған дейін Газа аумағынан 3 күн қатарымен Израильге әуе шабуылы жасалған. Аймақта қауіп-қатердің дабылы қағылып, жергілікті қарулы күштер ұрысты бастап кету дайындығына көшкен. Әзірге адам шығыны жайлы ақпарат түскен жоқ. Естеріңізге салайық, қос тарап арасындағы қарулы-қақтығыс өткен айдың онында ушықты. Ал мамырдың 21 күні Израиль мен Газа секторы арасында атыс-шабысты тоқтату режимі жарияланды. Сол кезден бері бұл уағдаластық 1 аптаның ішінде екі рет бұзылды. Он күнге созылған қырғында екі жаққа мыңдаған зымыран атылды. Салдарынан 12 Израиль тұрғыны мен 253 палестиналық азамат қаза тапты. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер