USD
USD
USD

Израиль денсаулық сақтау министрлігі ХАМАС мүшелерін емдеуден бас тартты

Израиль денсаулық сақтау министрлігі Израильге шабуыл жасаған ХАМАС радикалды тобының мүшелерін мемлекеттік ауруханаларда емдеуге тыйым салды, деп хабарлады Азаттық. 

Израиль денсаулық сақтау министрлігі ХАМАС мүшелерін емдеуден бас тартты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жөнінде The Jerusalem Post жазды. Израиль денсаулық сақтау министрі Моше Арбельдің тиісті бұйрығы шыққан.

"Ел басына күн туған шақта денсаулық сақтау жүйесі қанды қырғынның құрбандары, ЦАХАЛ солдаттарын емдеуге толық көңіл бөлуі керек" деді Арбель.

Кейін Тель-Авивтегі ірі үш ауруханалардың бірі ХАМАС мүшелерін қабылдамағаны белгілі болды. Оларды Рамледегі түрме клиникасына жіберген.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар

Алматыда сүт безі обыры диагнозымен жиырмаға жуық ер адам есепте тұр – онколог

Дәрігер мен науқас