USD
USD
USD

Израиль барлау қызметіне Катардан кетуге бұйрық берілді

Израиль билігі Катардан келіссөз жүргізушілер тобын қайта шақырып алды. Себебі Газа секторында ХАМАС ұстаған адамдарды босату жөніндегі келіссөздер тығырыққа тірелген. Бұл туралы премьер-министр Беньямин Нетаньяху кеңсесінде айтылды.

Израиль барлау қызметіне Катардан кетуге бұйрық берілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Парсы шығанағы елдерінде ХАМАС пен Израиль арасында жеті күнге созылған келіссөздер бітімге әкелген еді. Алайда Израиль Хамасты келісімдегідей кепілге алынған барлық әйелдер мен балалардың қайтарылуын қамтитын бөлігін орындамады деп айыптады. Ал Хамас өз мәлімдемесінде Израиль мен АҚШ-ты диалогты тоқтатқаны үшін айыптады.

Содырлар тобының мәлімдеуінше, Израиль тұтқындарды айырбастау және Газа секторын бомбалау кезінде қаза тапқан кепілге алынғандардың мәйіттерін беру туралы ұсынысынан бас тартқан. Хамас саяси бюросы басшысының орынбасары Салех әл-Арури Әл-Жазираға келіссөздер аяқталғанын растап, атысты тоқтатылмайынша, кепілге алынғандар босатылмайтынын айтты.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер