29 Қазан 09:25
...

Израиль әскері Газа секторына кірді

Фото:

Израиль әскері палестиналық радикалды ұйым ХАМАС-ты жою және 7 қазанда Израильге шабуыл кезінде аталған ұйым тұтқынға алған адамдарды босату үшін Газа секторының аумағына кірді.

Алматы, NEGE. Бұл туралы елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өз ұлтына телеүндеуде айтты. 

«Израиль азаматтары, өткен түні біздің құрлықтағы әскеріміз Газа қақпасынан өтіп, зұлымдық апанына кірді. Бұл – нақты мақсаты бар соғыс: ХАМАС-тың көзін жою және тұтқындарды қайтару», – деді ол.

Айта кетейік, 28 қазан күні кешке Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Ыстанбұлда палестиналықтарды қолдауға бағытталған және миллионнан астам адам қатысқан митингіде сөз сөйлеген болатын. Ол Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды террорист деп атап, Израильді басқыншылық үшін кінәлап, батыс елдерін палестиналықтарды жаппай өлтірді деп айыптады. Осыдан кейін Израиль Сыртқы істер министрі Эли Коэн Түркиядағы дипломаттарын кері қайтару туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

7 қазанда Палестинадағы ХАМАС тобы Израильге шабуыл жасап, елдер соғыс жағдайына көшті. 9 қазанда Израиль Газа секторына апарар жолдарды толық жауып тастады. Яғни халық жарық, тамақ және жанар-жағармайсыз қалды.

Тегтер: