USD
USD
USD

Израиль Рамазан айында Газаға күш қолданбауға келісті

Израиль Газа секторындағы бітімгершілік уағданың мермізін уақытша ұзартуға келісті. Бұл туралы DW ақпарат агенттігі хабарлады.

Израиль
Фото: Omar AL-QATTAA

Алматы, NEGE. AFP және dpa агенттіктерінің хабарлауынша, АҚШ Президентінің Таяу Шығыстағы арнайы елшісі Стив Уиткофф бітімгершілік мерзімін ұзартуды ХАМАС-пен атысты тоқтатудың бірінші кезеңі аяқталғаннан кейінгі аралық шара ретінде ұсынған. Бітімгершілік мерзімі мұлылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айында, яғни 29 наурызға дейін және яһудейлер үшін қасиетті саналатын Песах мерекесі кезінде, яғни 12-20 сәуір аралығында күшінде болады.

Бірақ ХАМАС бұл ұсынысқа әлі реакция білдірген жоқ.

Сарапшылар бітімгершіліктің діни мейрамдарға дөп келген екінші кезеңі Газа секторындағы соғысты біржола тоқтауға жол ашады деп үміттеніп отыр. Дегенмен Израиль тарабы ХАМАС жасақтарының қолында қалған тұтқындардың жартысы келісім күшіне енген уақытқа дейін, қалғаны келісім уақыты аяқталғанға дейін босатылуы керек деген ұстанымды ұстанады.

Бұған дейін бітімгершілік мерзімін ұзарту туралы келісімді кері қайтарған ХАМАС-тың ендігі жауабы қандай болатыны әзірге беймәлім.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс