USD
USD
USD

Израиль мен Ливан қақтығысы 1030 адамның өмірін қиды

  16 қыркүйектен бері Израильдің Ливанға жасаған шабуылынан 1030 адам қаза тауып, 6352 адам жарақат алды, деп жазды Анадолы агенттігі.

соғыс
Фото: Анадолы

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ливан денсаулық сақтау министрі Фирас Абяд Бейрутте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеген.

Ол 8 қазан мен 15 қыркүйек аралығында Израиль армиясының Ливанға жасаған шабуылдары нәтижесінде 610 адам қаза тапқанын, оның ішінде 38 әйел мен 17 бала, 2056 адам жараланғанын атап өтті.

16-27 қыркүйек аралығында Израиль шабуылдары 1030 адамның өмірін қиды, деп қосты ол.

Министр соңғы екі аптада қаза тапқандар арасында 156 әйел мен 87 бала болғанын, сондай-ақ осы уақыт ішінде 6 352 адамның жараланғанын айтты.

Израильдің шабуылдары 8 қазанда басталғаннан бергі шайқаста барлығы 1640 адам қаза тауып, 8408 адам жарақат алды.

Израиль шабуылдарында осы уақытқа дейін 194 әйелдің қаза тапқанын атап өткен ол үйінділер астында әлі табылмаған немесе аты-жөні анықталмаған адамдардың бар екенін де баса айтты.

Абяд сонымен қатар соңғы шабуылдарда 27 қыркүйектен бері тағы 11 адамның қаза тауып, 108 адамның жараланғанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс